Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ҚОРДЫҢ АҚШАСЫ ЖӨНСІЗ ЖҰМСАЛЫП ЖАТЫР

c 09:01, 17/06/2022 c 821

0:00 / 0:00

Үкімет ұлттық қордан алған қаражатты жөн-жосықсыз жұмсап жатыр дейді сенаторлар. Депутат Сергей Карплюктің мәліметінше, Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансфертті сотталғандарды ұстауға, мәдениет нысандарын салу мен жөндеуге, мәдени шараларға, соның ішінде шет елдерде мәдениет күндерін өткізуге жұмсаған. Ал Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімсіз пайдалану деректерін сынады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы бюджеттің орындалуы туралы есеп қаралған болатын.

Министрлер кабинеті мәжілістен ағай-шумен өткен 2021 жылғы бюджеттің атқарылуына қатысты есебін сенатқа сүйреп келді. Бұл жерде де шенеуніктердің басынан сипап, аяушылық танытылған жоқ. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімсіз пайдаланылғанын айтып сынады. Болашақтың несібесін бүгінгі үкімет жөн-жосықсыз жұмсап жатыр.

НАТАЛЬЯ ГОДУНОВА – ҚР ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ «Бюджеттің шектеулі мүмкіндіктеріне қарамастан, 2021 жылы елімізде 1,1 мың жаңа жоба басталған. Жобалардың 90 пайызы Ұлттық қор қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Былтыр жоспар бойынша 64 жоба аяқталмай қалған. Ұлттық қор қаржатын жұмсау бекітілген тұжырымдамаға сай келмейді. Екіншіден, бұл бағыттағы қадамдар әлемдік экономиканың дамуы болжамына қарама-қайшы».

Өз кезегінде депутаттар Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансферт заңмен тыйым салынған шараларға жұмсалғанын айтты. Сотталғандарды тамақтандыруға, шетелде мәдени шаралар өткізуге қордың ақшасын аямай жұмсаған. 2021 жылы Ұлттық қордан алынған қаражаттың 55,7%-і бойынша бұзушылық орын алған.

СЕРГЕЙ КАРПЛЮК – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Мәселен, Ұлттық қордан бөлінген мақсатты трансфертті сотталғандарды ұстауға – 2,3 млрд теңге, мәдениет нысандарын салу мен жөндеуге – 315 млн теңге, әлеуметтік-маңызы бар және мәдени шараларға, соның ішінде шет елдерде мәдениет күндерін өткізуге – 2,5 млрд теңге жұмсаған».

Осылайша сенаторлар Ұлттық қордан ақша алатынымыз аздай, оны заңға қайшы пайдаланып жатырмыз деп даурықты. Салықтан түсетін түсім аз, өңірлерге бөлінген қаражат жергілікті жерлерге толық жетпейді, өндірісті дамытуға берілетін несие де белгілі ірі компанияларға ғана беріліп келген ден сынады үкіметті депутаттар.

Сондай-ақ, сенаторлар пайдаланылмаған қаржыны Ұлттық қорға қайтару жұмысы да әлсіз жүргізіліп жатыр дейді. 2015-2021 жылдары аралығында пайдаланылмаған және Ұлттық қорға қайтарылмаған қаржы сомасы 72,3 млрд теңгені құраған. Оның ішінде 2021 жылдың қорытындысы бойынша – 60 млрд теңгеге жуық қаржы қайтарылмаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.