Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ -ны 4 мәрте тапсыруға болады

c 18:05, 11/12/2018 c 1026

0:00 / 0:00

Ұлттық бірыңғай тестілеуді төрт мәрте тапсыруға болады. Емтихан қаңтар мен наурыз, маусым мен тамыз айында өтеді. Қыс пен көктемде тапсырылатын сынақ арқылы жоғары оқу орындарында ақылы негізде білім алуға жол ашады. Ұлттық бірыңғай тестілеудегі өзгерісті мектеп түлектері қалай қабылдауда?

Мектеп түлектері 2018-2019 оқу жылынан бастап келер жылдың қаңтарында ұлттық бірыңғай тестілеуді 4 мәрте тапсыруға мүмкіндік алды. Білім туралы заңнамада көрсетілгендей, ұлттық бірыңғай тестілеу жоғары оқу орынына түсу үшін тапсырылатын басты емтихан. 2004 жылы алғаш рет қолданысқа енген тестілеу біраз түлектің көз жасына қалып, өмірін де қиғаны мәлім. Аталмыш жаңашылдықтың ұтымды тұстары көп. Біріншіден, бірнеше мәрте тест тапсырған оқушы емтиханның тәртібіне үйреніп, түрлі тексерістерге психологиялық тұрғыдан дайын болады. Екіншіден, мектеп түлегі жоғары оқу орынында ақылы түрде білім алуға мүмкіндік алады. Педагогтар бірнеше мәрте ұйымдастырылатын тестілеудің ұтымды тұстарын тілге тиек етті.

Бұл жаңалық мектеп түлектерінің көңілінен шыққандай. 4 мәрте тест тапсыруға мүмкіндік алған оқушылар бұл әдістің тиімді тұстары көп,-дейді.

Сала мамандары қаңтар айында тапсырылатын ұлттық бірыңғай тестілеуге арналған құжаттардың баршасы желтоқсанның 15-іне дейін қабылданатын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.