Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰБТ басталды

c 18:08, 18/01/2019 c 762

Батыс Қазақстан облысында ақылы біріңғай ұлттық тестілеу басталды. Облыс көлемінде тест тапсыратын 5 орын белгіленген. Сынақ екі күнге жоспарланып отыр. Биылғы жылы Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыруда бірнеше өзгерістер енді. Осыған байланысты биылғы жылы мектеп бітіруші түлектер аталмыш сынақты төрт мәрте тапсыруға мүмкіндік алып отыр. Алғашқы сынақ қаңтар айында болса, келесі емтихан наурыз айында ұйымдастырылмақ. Қаңтар мен наурыз айында сынақ тапсыратын мектеп оқушылары жоғары оқу орынында ақылы негізде білім алып, студенттердің қатарын толықтыруға мүмкіндік алады. Оқушылар маусым айында ұйымдастырылатын дәстүрлі ұбт барысында мемлекеттік грантқа түсу үшін емтихан тапсырып, бақтарын сынай алады. Емтиханның бірінші күнінде Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қабырғасында 3 аудитория жабдықталып, 330 оқушы сынақ тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.