Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Түпнұсқадан көшірме

c 01:47, 23/01/2020 c 715

0:00 / 0:00

Сақтандыру  есебінен дәрілік заттар тізімі ұлғайтылды. Бұл туралы Сенатта Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері хабарлады. Олардың айтуынша, Қазақстанда дәрілердің шекті бағасы белгіленген. Бірақ бір жыл ішінде бағаны негізсіз көтерген деген 18 шағым түсті. Қазір денсаулық сақтау министрлігінің мұндай дәріханаларға айыппұл салуға құқығы бар. Бірақ сенаторларды оригиналды медициналық дәрі-дәрмектер мен дженериктер мәселесі қызықтырды.

Түпнұсқа препараттар бар, ал аналогтар одан арзан – олар дженерик деп аталады, ағылшын тілінен аударғанда калька. Олардың құрамы бірдей десе болады. Түпнұсқалық препаратты өндіруші компиня клиникалық сынақтарға арналған шығындарды дәрі бағасына қосады. Сондықтан ол қымбат. Дженерик патент мерзімі аяқталғанда пайда болады. Бұл кездекез келген фармкомпания дәрі жасай алады –, әрине, атауын өзгертіп. Әрине, дженериктердің болуы жақсы. Себебі бағасы арзан. Рас, түпнұсқа және дженерик әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, препаратты ағзаға "жеткізу" әдісі бойынша, бұл таблетка немесе капсула болуы ықтимал, яғни олардың еміде  ерекшеленеді.

Серік Бектұрғанов ҚР Парламенті Сенатының депутаты; «Шет елге шығып жатқан қазақстандықтар түп нұсқа препараттарды алып келеді. Жергілікті дәріге сенім жоқ. Менің өз басымнан өтті. Дженериктер нарықта көп тек қазақстанда шығарылған емес басқада елдерден келгендер бар. Маған тек түпнұсқа дәрісі көмектесті».

Арнұр Нұртаев дәрілік заттарды сараптау ұлттық орталығының директоры; «Мен бар жауапкершілікпен айта аламын, германиямен қазақстанда бір атаумен шыққан дәрінің сапасы бірдей. Тек орамасы өзгеше болады. Олар бір зауыттан шығады. Германияда болдық зауытта, онда аспирин жүздеген миллион таблеткамен шығады. Немістерге сыртына немісше жазады, қазақтарға қазақша».  

Дәрігер-онкологтар және сирек аурулар бойынша мамандар дженерик әлсіреген науқасты өлтіруі мүмкін дейді. Учаскелік терапевттер мен фармацевттер болса арзан болғансоң науқастарға ұсынамыз дейді. Қытай, және үнді өндірушілер кейде рецептура талаптарын сақтай бермейтінінескеріңіз. Және ешкім дәріханада түпнұсқа немесе дженерик сапалы, екендігіне кепілдік бере алмайды. Тұмауратып қалсаңыз дженерик пен түпнұсқа дәрі арасындағы айырмашылықты байқамайсыз. Бірақ онкология кезінде, дженериктен гөрі қымбатырақ дәрі алған абзал, дейді мамандар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.