Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Тазалық айлығы" жарияланды!

c 17:40, 09/04/2018 c 1007

0:00 / 0:00

Облыс басшысының қаулысымен қолға алынған сенбіліктер сәуірдің 14інен маусым айына дейін жалғаспақ. Бұл жұмыстар аясында түрлі акциялар мен байқаулар да ұйымдастырылады екен. Сәуір айына дейін созылған қыстың ызғары басылған бойда Орал қаласында жаппай сенбіліктер маусымы жарияланды. Қала әкімі бұл жұмыстарға шаһар тұрғындарын белсене қатысуға шақырды. бір айға созылатын сенбіліктер аясында үздік аула, ең таза сөре, үздік ПИК сынды аталымдар бойынша үздіктер анықталатын науқан да ұйымдастырылмақ. Тазалық жұмыстарының барысында 9 түрлі 2000ға тарта көшет отырғызылады деп жоспарланып жатыр. Бұдан бөлек, биыл өңірде 20 мың дана раушан гүлі отырғызылмақ. Гүлзар Жаңа алаң мен Жәңгірхан көшесінің бойында, облыс және қалалық әкімдік ғимараттарының маңына егіледі. Ал қарапайым гүл түрлерінің 250 мың тұқымы себілген. Бұған қоса, қала көшелерін көркейту, көгалдандыру бағытында әр түрлі вертикалды конструкциялар дайындау жұмыстары қолға алынуда.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.