Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Сапасы сынға іліккен орыс тілі оқулығы тағы талқыға түсті

c 17:08, 02/10/2017 c 945

0:00 / 0:00

Еліміздегі мазмұны жаңартылған оқулықтардың сапасы сын көтере ме? Жырға айналған орыс тілі кітаптарының ішінде ақылға қонымсыз тапсырмалардың бар екені рас. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мырза «Бағдарламаның аз бөлігінде заманауи орыс тілін берсек, бала бұдан жаман болмайды» деген де болатын. Даулы оқулықтарға қатысты Елбасының өзі арнайы тапсырма да беріп, бүгінде министрлік қызметкерлері өңір-өңірде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес жазылған оқулықты ата-аналармен бірге талқылап, түсіндіру үшін білім және ғылым министрлігінің бір топ өкілі Оралға арнайы келді. Астанадан ат терлетіп келген делегация мүшелігінде министр кеңесшісі де бар. Олар Орал қаласындағы №7 орта мектепте 5-7-сыныптың ата-аналарымен және ұстаздармен кездесіп, оқулықтардың уақыт талабына сай екендігін жеткізді. Жаңа бағдарлама - іргелі білімге, аналитикалық тәжірибеге негізделген. Сәйкесінше, жаңа оқулықтар да жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкестеліп, мейілінше баланың сындарлы ойлай білу қабілетін дамытуға бағытталған.
Айта кетелік, Оқулықтарды «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында орналасқан. Бұл портал оқу әдебиеттерінің сапасы бойынша ата-аналардың және педагогтар қауымының пікірлері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.