Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралға депутаттар келді

c 16:23, 16/07/2019 c 665

0:00 / 0:00

Өңірде халықты қолжетімді баспанамен қамту жұмыстары жүйелі жүзеге асырылуда. БҚО-да жұмыс барысымен жүрген ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары осылай дейді. Халық қалаулылары Орал - Саратов тас жолы бойында салынып жатырған көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Аталған ауданда қазіргі күнде мемлекеттік бағдарлама аясында бірнеше нысанның құрылыстары жүріп жатыр. Бұл жерде салынып жатырған көп қабатты үйлердің құрылысы белгіленген кестеге сай жүзеге асырылуда. Солардың екеуі таяу күндері өз иелерін табады деп күтілуде. Мемлекет басшысы Үкімет пен жергілікті әкімдіктерге халықты қол жетімді баспанамен қамтуды тапсырған болатын. "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында қолға алынған бұл жұмыстар соның жемісі.
Қазіргі уақытта бұл жерде 7 көп қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тағы да үш үйдің ірге тасын құю жоспарлануда. Мақсат, әлеуметтің әлеуетін арттырып, халықтың баспанаға деген сұранысын қамтамасыз ету. Жыл соңына дейін барлығы 774 пәтер өз иесін табады деп күтілуде.
Мемелкет басшысы тапсырмасының аймақтарда орындалуы барысын қадағалай келген депуттар Орал қаласындағы жұмыстарға жоғары баға берді. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді дейді олар.
Орал қаласына жұмыс сапарымен келген мәжіліс депуттары өңірде жүзеге асырылып жатырған мемлекеттік бағдарламалардың барысымен танысып, өзге де әлеуметтік маңызды нысандардың жұмыстарымен танысуды жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.