Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда осы аптада ауыл шаруашылығы жəрмеңкесі ашылады

c 11:09, 06/08/2018 c 756

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде ауыл шаруашылығы бөлімі хабарлады. Жәрмеңке бұрынғыша Ықсанов көшесінің бойында өтеді. Облыстың барлық кәсіпкерлері өз өнімдерін сату үшін өтініш білдіріп, осынан тегін орын жай алуына болады. Жәрмеңкедегі көкөністер мен жеміс-жидектердің бағасы базармен салыстырғанда біраз арзанға түспек. Толығырақ алдағы сюжетте.

Базар сөрелерінде уылжып піскен қызылды-жасылды жеміс-жидектер мен көкөністердің хош иісі мұрынды жарып, тәбетті ашады. Осыған дейін бағасын көріп, сырттай қызығып қайтатын тұрғындар өнімнен дәм татқандарын айтады. Себебі бір айға жуық уақыт бұрын дәруменді өнімді тұтыну тұрғындар қалтасына ауыр тисе, қазір қыс азығын қамдауға аз да болса қолайлы жағдай орнығыпты.

Азық-түлік бағасы шарықтап, теңге құнсызданған мезетте қымбатшылықтың қыспағында қалған жұрт жомарт күздің тартуын күтіп-ақ жүргені мәлім. Бұл орайда асыға күткен жергілікті бағбандар өнімі сауда сөресіне шығып, соның арқасында баға түсімі анық байқалып отыр.

Баға қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жақында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастыру жоспарда. Өз өнімін саттыққа шығарамын деген кәсіпкерге Ықсанов көшесінің бойынан тегін орын-жай беріледі.

Жәрмеңке бұрынғыша Ықсанов көшесінің бойында 11,18,25-тамыз күндері таңғы сағат 9:00ден 13:00 аралығында өтеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.