Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Оралда мектеп жәрмеңкесі басталды

c 11:34, 06/08/2018 c 894

0:00 / 0:00

Орал қаласында мектеп тауарларының жәрмеңкесі басталды. Жаңа оқу жылы қарсаңында жылма-жыл дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұратын жәрменкенің ата-аналар үшін жәрдемі көп. Себебі, жәрменкеде бір ай бойына балаларын мектепке дайындайтын ата-аналарға оқу құралдары төмендетілген бағамен сатылады және оқуға қажетті барлық құрал жабдықтарды осы жәрменкеден табуға болады. Сонымен бүгінгі күні бір баланы мектепке апару үшін қанша қаражат қажет? Толығырақ тілші сюжетінен көрейік.

Әр жылы жаңа оқу жылы қарсаңында ата-аналар қауымының балаларының оқу құралдарын түгендеймін деп әуре-сарсаңға түсетіні рас. Бір үйден бір емес біраз бала оқытатын отбасылар қалтасына киім кешекті айтпағанда сабақ қарсаңында бағасы шарықтайтын оқу құралдарын жинаудың өзі қиынға соғады. Осыны ойлаған жергілікті кәсіпкерлік бөлімі бір ай бойына қомағайлау саудагерлерді қанағатқа шақырып, арнайы жағдай жасап дәстүрлі жәрмеңке ұйымдастырып беріп отыр.

Мұхит пен Құрманғазы көшесі аралығындағы Дина Нұрпейісова көшесі бойынан ашылған жәрмеңкенің бірінші күнінен бастап алақандарын ысқылаған саудагерлердің де жұмысы қызып жатыр. Ұйымдастырушылар барынша бірнеше оқушы оқытып отырған жағдайы төмен ата-аналарға мектеп тауарларын төменгі бағамен беріп жатырғандарын да жеткізді.

Біз де өз кезегімізде жәрменке аралап жүрген ата-аналардан базардағы бағадан жәрменкедегі құнның, төмендігі бар ма екендігін сұрағанбыз.

Блиц

Қазір балалар бір-бірінен қалмай бірінен-бірі ұялмайтындай киінгісі келеді. Әрқайсысында баға әрқалай. бірінде қымбат, бірінде арзан. Тек кастюнің өзін 20 мың теңгеге сатып алсақ, оның сыртында спорттық киімі бар, аяқ киімі бар. қазір бәрі үлкен кісінің киімімен бірдей бағада сатылады.

Мектеп жәрменкесі бір ай бойына ұйымдастырылатын болса, оның сыртында жағдайы төмен отбасыларға "Мектепке жол" акциясы аясында да көмек жасалмақ.

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.