Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Орал қаласында өрт кезінде бір адам көз жұмды

c 16:12, 14/05/2018 c 948

0:00 / 0:00

Оқиға қаладағы апатты тұрғын үйлердің бірінде тіркелген. Екінші қабаттағы пәтерлердің бірі түн ішінде қызыл жалынға оранып, қою түтіннен шыға алмаған көрші-қолаң терезеден жерге қарғып түсіп аман қалған. Апатты үйдің тұрғындары қазір ыс басқан пәтерлерінде күнелтуге мәжбүр болып қалды.

Өрт Есқалиев 178 мекен-жайындағы екі қабатты ескі үйде тіркелген. Түн ішінде көрші пәтердің қызыл жалынға орануы көршілердің зәре-құтын қашырған. Оның үстіне қою қара түтін тез арада басқа пәтерлерді жайлап, аман қалу үшін тұрғындарға терезеден жерге қарғып түсуге тура келген. Балалар мен егде жастағылар қолдан арқан жасап сол арқылы жерге түскен.

Өрт тұтанған пәтерден 46 жастағы ер адамның мүрдесі табылған. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Тұрғын үй апатты деп танылған. Тұрғындарға баспана мәселесін шешіп беру үшін мемлекеттік жеке серіктестік бағдарламасын пайдалану керек. Бүгінде осы мақсатта инвесторлар іздестірілуде. Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.