0:00 / 0:00
Отандық өндірісті дамыту және қазақстандық компаниялардың ірі мұнай-газ жобаларына қатысу үлесін арттыру – саланың басым бағыттарының бірі. Осы мәселелер Орал қаласында «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы мен «Kazservice» Қазақстанның мұнай сервистік компаниялар одағы бірлесіп ұйымдастырған «Өңірдің болашағы: Даму стратегиясы» форумында талқыланды. Қатысушылар жергілікті тауар өндірушілерді қолдау тетіктерін, сатып алулардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту мүмкіндіктерін және бизнес пен мемлекет арасындағы әріптестікті одан әрі дамыту жолдарын қарастырды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.










