Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстық мәслихат сессиясы

c 18:18, 19/03/2021 c 745

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысының 2021-2023 жылға арналған бюджетіне толықтырулар енгізілді. Облыстық бюджеттің шығыстары 286,6 млрд теңгені құрап отыр. Бюджет есебінен әлеуметтік салаға 5,2 млрд, қоршаған ортаны қорғауға 5,4 млрд теңге, тұрғын үйдің құрылысы үшін 5,9 млрд теңге бөлінеді.

2021 жылға арналған облыстық бюджеттің көлемі өзгерді. Өзгерістерге сәйкес аймақ бюджеті 286,6 млрд теңгені құрап отыр. Қыруар қаражат әлеуметтік салаға, қоршаған ортаны қорғау, құрылыс, жұмыспен қамтуға бөлінбек.

Мәслихат сессиясында депутат Ашығалиев: "Үйлердің құрылысы неліктен тек облыс орталығында ғана белсенді жүргізіледі?"- деп басқарма басшысына шүйлікті.

Сессия отырысы барысында жекеменшік-әріптестік серіктестік аясында жұмыс жасайтын мекемелердің санын көбейту туралы ұсыныс қабылданды. Соның бірі- онкологиялық диспансерде жұмыс жасайтын сәулелі емдеу құрылғысы болса, енді бірі қаңғыбас иттер мен мысықтарды ұстау мекемесі.

Және сессия жиынында азаматтардың амбулаторлық ем алуы кезінде дәрілік заттардың берілу туралы ұсыныс қабылданды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.