Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыстық қазақ драма театрының төрінде 21 мамыр еліміздің мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні мерекесіне орай салтанатты кеш болып өтті

c 00:00, 22/05/2015 c 808

0:00 / 0:00

Атаулы күнге орай облыс басшысы Нұрлан Ноғаев өңіріміздің барша өнер тарландарын мерейлі мерекемен құттықтап, Елбасы Жарлығымен ұсынылған түрлі аталымдағы марапаттарды өнер саласындағы қызметкерлерге табыстады. Қай ғасыр, қай заман болса да мәдениетке қолдау көрсетпейінше, заманауи жоғары дамыған мемлекет құру мүмкін емес. Сондықтан да бұл мереке тәуелсіз Қазақстанымызды қалыптастыруға және дамытуға үлкен серпін екені сөзсіз. Атаулы мереке күні жиналушылардың көңілдері шат, жүздері ыстық ықыласқа толы. Өңіріміздің мәдениет саласының әр қырынан сүбелі үлес қосып келе жатырған облысымыздың өнер жұлдыздары көрермен қатарына жайғасып, мерекенің мерейін аша түскен концерттік кешті тамашалады. Әдемі кеш барысында аймағымыздың өнерпаздары тарапынан ән мен жырдан шашу шашылып, мың бұралған бишілердің өнері де назардан қалыс қалмады. Бүгінде өңіріміз қазақ руханиятының дамуы жолында өзінше үлес қосып келеді. Айталық, қазіргі таңда облыс тұрғындарына 767 мемлекеттік мәдени мекеме, соның ішінде 2 облыстық драма театры, 2 концерттік мекеме, 403 көпшілік кітапхана, 279 клуб, 18 музей мен 4 мәдениет және демалыс саябағы жұмыс атқарса, мәдениет саласындағы қызметкерлерінің орын - бір төбе. Шара аясында облыс басшысы мәдениет қызметкерлерін Елбасы Нұрсұлатн Әбішұлы Назарбаевтың Жарығымен бектілген түрлі аталым бойынша марапаттады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.