Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыста ақ халаттылар жетпей жатыр

c 17:25, 18/01/2021 c 450

0:00 / 0:00

Жергілікті билік уәдені үйіп төгіп, жағдай жасауға тырысуда. Бірақ дәрігерлер бәрібір ауылға баратын емес. Ал, ем-дом іздеген оралдықтар болса Ресей асып жүр. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі келтірген дерекке қарағанда биыл 4 мың оралдық көрші елге барып қайтыпты.Оралда білікті дәрігердің аздығынан тиісті деңгейде ем-дом ала алмай жүргендер көбейді. Солардың бірі-Нәсіп Байғалиев. Ол қате қойылған диагноз кесірінен мүгедек болып қалған. Денсаулығын Ресейге барып зорға түзепті. Рентген түсірілімін ажырата алмаған оралдық дәрігерлерге Нәсіп Байғалиевтың өкпесі қара қазандай.
Дәрігер тапшылығы батыстың бас ауруына айналғанын басқармадағылар мойындайды. Бос орын өңірдегі емдеу мекемелерінің барлығында бар. "Баспана береміз", -дегеннің өзінде мамандар ауылға баратын емес. Дәрігерлер аудандарда ғана емес облыс орталығында да жетпейді. Білікті мамандар жеке клиникаларға ауысып кеткен.Ақ халаттылардың аздығынан оралдықтар ем-дом іздеп Ресей асып жүр. Шекарашылар келтірген дерекке қарағанда биыл ғана көрші елге 4 мың адам барып қайтыпты. Дені - бір балаға зар болғандар. Асқазаны ауырып жүйкесі жұқарғандар да, онкологиялық дертке шалдығып аллергиясы асқынғандар да Ресейге барып жүр екен.Өткен жылы өңірге 119 жас маман келді. Ал биыл облыстық денсаулық сақтау басқармасы болашақ дәрігерлерді жергілікті бюджет есебінен көбірек оқытуға күш салмақ. Сонымен қатар оларға арнап, үй мен жатақхана салуды да жоспарлапты. Бірақ бұл жоспардың қаншалықты өміршең болары әзірге беймәлім.


ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.