Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Облыс әкімінің Теректіге жасаған сапары

c 12:57, 16/06/2020 c 479

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Теректі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында Барбастаудағы алма бағының жұмысымен танысты. Кезінде осы бақтың көп өнім бергені ел есінде. Алайда кейін алма бақты күтіп ұстаймын деп жалға алған кәсіпкердің қолына өтіп, бірақ ісін дөңгеленте алмай, жер мемлекеттің меншігіне кері қайтарылған болатын. Өткен жылы осы алма бақ аукцион арқылы жалдау құқығы бойынша Атыраулық инвестордың басқаруына берілді. Аукцион кезінде жерді ұтып алған кәсіпкерге облыс әкімі білек сыбана жұмыс жасауды тапсырды. Атыраулық инвестор биыл бақтан 100- тоннаға жуық өнім алуды жоспарлап отыр.

Бұл-Теректі ауданына қарасты Барбастаудағы алма бағы. Оның жалпы аумағы 729 гектарды құрайды. Қазіргі таңда алып алма бағынан өнім аламын, көркейтемін деп 3 компания жерді жалға алыпты.

Бұл- Руслан Кашенов. Атыраулық бизнесмен өткен жылы 431 гектар жерді жалға алған екен. Қазіргі таңда алма бақта 112 гектар жер өңделіп, 13 мың ескі алма ағаштарын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Күзде 15 гектар жерге 20 мың алма көшетін егу жоспарланып отыр.

Алма бақтың жұмысымен танысқан облыс әкімі жалға алған кәсіпкерге жұмысты ыждағаттылықпен орындап, жерді басқа мақсатта пайдаланбау керектігін еске салды. Сондай-ақ, аймақ башысы Теректі ауданына жасаған жұмыс сапары барысында қазақтың ақ бас сиырын өсіріп отырған шаруалармен кездесті.

Асыл тұқымды ірі қараны өсіріп отырған кәсіпкерлер қазақтың ақ басының санын кеңес үкіметі кезіндегідей көбейту үшін судың тапшы екендігін тілге тиек етіп, осы мәселені шешіп беруді сұрайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.