Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мемлекеттік тіл мәртебесі

c 17:56, 05/04/2018 c 815

0:00 / 0:00

Тасқала ауданында 8 білім беру ұйымын қайта атау бойынша ұсыныс мақұлданып, республикаға жолданған. Бұл жөнінде бүгін тілдерді дамыту басқармасы басшысының қатысуымен өткен брифингте мәлім болды. Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, зерттеу қортындысы облыс тұрғындарының 82 пайызы мемлекеттік тілді жетік меңгергенін көрсетіпті. Алда ана тіліміздің мәртебесін арттыру үшін атқарылар жұмыстар жалғаса бермек.

Облыста "Болашаққа бағдар"- "Рухани жаңғыру" атты елбасы мақаласындағы ұлттық сана, үштілділік және латын әліпбиіне көшу талабы бағытындағы мәселелерді іске асыру үшін жоспарлы жұмыстар атқарылуда. Үйлестіру кеңесі жанындағы онамастикалық комиссиясынң 2 отырысында 143 ұсыныс түсіп, 127 көше мен 4 елді-мекенге атау беру қолдау тапқан.

Өткен оқу жылында ҰБТ нәтижесіне сәйкес, қазақ мектебін бітірген 1311 түлектің 83 пайызы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі бойынша жақсы көрсеткіш танытыпты. Қазтест бойынша тілді меңгеру деңгейін бағалау мақсатында былтыр тестілеуге 7134 адам қатысқан болса, оның 6399-ы диагностикалық, қалған 735-і сертификаттық тестілеуді тапсырыпты.

Былтыр облыстық бюджеттен іс-шараларды өткізуге 95 млн. 291 мың теңге бөлінген. Сондай-ақ латын әліпбиіне көшу жұмыстарына байланысты әкімдік қолдауымен 24 млн. теңге қаражат бағытталыпты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.