Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҚОШҚАР АТА» ҚАЛДЫҚ ҚОЙМАСЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕ МЕ?

c 15:17, 04/02/2021 c 479

Ақтаудан 4 шақырым қашықта тұрған «Қошқар ата» қалдық қойманың 40 гектар жеріне сексеуіл егіледі. Мемлекеттік сатып алу конкурсы да жарияланды. Жеңімпаз мекеме қойма айналасын жасыл желекпен қоршауды 2023 жылы аяқтауы тиіс.

2017 жылы н қалпына келтірудің І кезеңінің жұмыс жобасы бекітіліп, оны 4 жылда жүзеге асыруға мемлекеттен 17 млрд жуық қаржы бөлінген еді. Нәтижесінде қойманың 88,2 гектар жеріне 240 мың түп сексеуіл егілді. Былтыр осы жұмысты жалғастыруға қазынадан тағы 100 млн теңге бөлінді.

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
"Былтыр конкурс болған кезде екі потенциалды мердігер бір-бірімен соттасып, өкінішке қарай басталмай қалды. Дегенмен қазір әкімшіліктің мәліметі бойынша соттың шешімі бар. Енді жұмысты бастауға ешқандай да кедергі жоқ. Әкімнің айтуынша, келесі дүйсенбі күні осы мердігермен жиналыс өткізіледі. Ақпан айынан бастап осы жұмыс басталады. 17 млрд жуық қаражат, соның 90%-ы республикалық бюджеттен және 10%-ы жергілікті бюджеттен. Бұл жоба әкімшіліктің құзырында. Дегенмен біздің министрлік оны жіті қадағалайды".

Алайда бүгінге дейін ештеңе жасалған жоқ. Айта кетейік, кезінде Каспий тау-кен металлургия комбинаты 105 млн тонна радиоактивті қалдық көмген қойма маңындағы елді мекендерде 372 мың адам тұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.