Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қомақты сомада қайта қаржыландырылған зайымдар

c 17:28, 03/05/2018 c 1000

0:00 / 0:00

БҚО-да жалпы сомасы 2 млрд. теңгеге 483 өтінім бойынша зайымдар қайта қаржыландырылыпты. Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық банк филиалының төрағасы мәлімдеді. Банктер қайта қаржыландыруды 2018-жылдың 30-желтоқсанына дейін жүзеге асырады. Осы және "7-20-25" бағдарламасына қатысты өзге де ақпараттарды Қозыбақ Құлбарақов айтып берді.

Қайта қаржыландыру бағдарламасы ипотекалық тұрғын үй қарыздарына арналып отыр. Биыл 27 наурызда қайта қаржыландыру бағдарламасы жаңа редакцияда бекітілді. Жаңартылған баағдарламада жеке тұлғалардың 2016-жылғы 1-қаңтарға дейін алынған валюталық ипотекалық қарыздары 2015 жылдың 18-тамызындағы валюта бағамымен теңгемен қайта қаржыландырылатын болады. Ол кезде доллардың курсы 188 теңгені құраған еді. Енгізілген толықтырулар 21 мыңнан аса қарыз алушының борышын өтеуде оңтайлы жағдай жасайды.

Брифингте "7-20-25" бағдарламасына қатысты да мәлімет берілді. Мемлекет басшысы айқындаған талаптармен жылдық 7 пайызбен 25 жылға, 20 пайыздық бастапқы жарнамен қарастырылған.

Жаңа бағдарлама бойынша әрбір отбасыға баспана алудың жаңа мүмкіндіктері төрт кезең бойынша осы жылдың тамыз айынан бастап іске асырылмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.