0:00 / 0:00
Шағын авиация шекараларды біріктіреді: Қазақстанда «Каспий шақыруы. Маңғыстау аспаны» ауқымды экспедициясы сәтті аяқталды. Алты жеңіл моторлы ұшаққа мінген он екі пилот Орал, Атырау және Ақтау қалаларын байланыстырған ұзақ маршрутты еңсерді. Жоба авиатуризмді дамытуға тың серпін беруге бағытталған. Қатысушылар еліміздегі ең көне аэроклубта болып, қазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты және алдағы жоспарларды талқылады. Атап айтқанда, келе жылдың мамыр айында Орал қаласында ірі халықаралық авиаслет өтуі мүмкін.










