Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссия Николайдың ісін қарады

c 18:05, 14/08/2018 c 966

0:00 / 0:00

Орал қаласының әкімдігінде кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссияның отырысы өтті. Күн тәртібінде қаралған басты мәселе-күллі елді шулатқан 8 жасар Николайдың тәртібі. Қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың төрағасылығымен өткен жиынға көлікке әуес балақай мен оның әкесі, тәртіп сақшылары, білім бөлімі басшысы мен мектеп мұғалімдері қатысты. Комиссия мүшелері егер осындай әрекет тағы бір мәрте қайталанса, Николайдың әкесін ата-ана құқығынан айыратынын ескертті.

Николай Керцман өзгенің көлігін рұқсат тізгіндеп, 3 рет жол-көлік оқиғасына тап болған еді. Кішкентай балақай осылайша бір аптада әкесін 1 млн 400 мың теңге шығынға батырды. Бұл көлік иелеріне ғана келтірілген залал. Аталмыш факті бойынша қозғалған қылмыстық іс баланың жас ерекшелігіне байланысты тоқтатылған болатын. Қазіргі күні оның ата-анасына қатысты ҚК 140 бабы бойынша іс көтеріліп отыр. Мектеп директорының айтуынша, бала жақсы отбасыдан шыққан. Сабақ үлгерімі қанағаттанарлық, өте белсенді.

-"Елді дүрліктірген бұл оқиғаның соңы қайғылы аяқталуы әбден мүмкін еді. Енді аталмыш жағдай қайталанатын болса баланың әкесі ата-ана құқығынан айрылып, Николай мемлекеттің қамқорлығына алынады",-деді комиссия мүшелері.

Енді Николай көліктерді ұрлап, рұқсатсыз басқармауға уәде етті. 3 жағдайда да жүргізушілер көлік есігін ашық, кілтін аузында қалдырып кеткенін айта кетейік. 1 ай бойы жергілікті полиция, жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссия бала мен оның отбасын бақылауда ұстайтын болады. Ал мектепте оқушымен психолгтар жұмыстанып, мектеп ішілік тіркеуге алынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.