Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалалық турнир

c 17:56, 03/06/2019 c 733

0:00 / 0:00

Облыс орталығында балаларды қорғау күніне орай "Ақ жол" партиясының ұйымдастыруымен қалалық байдарка мен каноэ есуден турнир өтті. Спорттық сайыс 100-ден астам бүлдіршіннің басын қосты. Жасөспірімдер арасында 3 жыл қатарынан ұйымдастырып келе жатқан қалалық турнирге еліміздің алты облысынан келген спортшылар ат салысты.

Балаларды қорғау күнінде олимпиадалық ойындардың құрамына енетін байдарка мен коноэ есуден қалалық турнир өтті. Аталмыш спорттық сайыста 100-ге жуық жас спортшы бақ сынады. Додаға оралдық спортшылардан өзге еліміздің Түркістан, Қарағанды, Атырау облыстары мен Алматы, Шымкент қалаларынан келген жасөспірімдер қатысты.

Бүгінде байдарка мен каноэ есумен айналысатын оралдық спортшылар түрлі халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүр. Жас спортшыларды түрлі сайыстарға дайындалу үшін оларға қолдау қажет екендігі айтпаса түсінікті. Мемлекеттік қолдаудан бөлек, олимпиадалық спорт түрін "Ақ жол" Демократиялық партиясы да қолдап, демеп келеді.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық турнир белгілі саясаткер Қайыржан Идиятовты еске алуға арналған еді. 3 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан турнирге марқұмның зайыбы мен баласы қатысып, ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Қалалық турнирге қатысып жатқан жас спортшылар бұл спортпен айналысқан кезде, барлық бұлшықет жаттығып, денсаулыққа пайдалы дегенді айтады.

Шара соңында балаларды қорғау күніне арналған байдарка мен каноэ есуден қалалық тунирдің жеңіспаздары марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.