Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қалада 16 шақырым жол жөнделеді

c 17:09, 18/05/2021 c 605

0:00 / 0:00

Биыл Оралда қала жолдарын жөндеуге барлық қаржы көздерінен 8 млрд. теңге бөлініп, 70 көше ретке келтіріле бастады. Бұл туралы қалалық әкімідік мамандары мәлімдеді. Былтырдан жалғасқан 13 нысан бойынша 16,7 киллометр жолды жөндеу жұмыстары биыл аяқталады деп жоспарланып отыр.Бұл өтпелі кезеңге ауысқан жоба болып табылады. Мөңкеұлы көшесінің жол жөндеу жұмыстары шілде айында аяқталады деп жоспарланып отыр. Жалпы қала бойынша автомобиль жолдарының ұзындығы 615 шақырымды құраса, оның ішінде асфальт-бетонды және қатқылтабанды жабыны бар жолдың ұзындығы - 422 шақырым. Ауқымды жұмыстар жалғасуда.Былтырдан жалғасқан 13 нысан бойынша, яғни 16,7 киллометр жолды жөндеу жұмыстары биыл аяқталады. Оның ішінде ескі әуежай ауданындағы Светлая көшесі, Сарытау шағын ауданындағы қалған 4 көше, Зашағандағы Бөкейханов көшесі және Деркөлдағы Сарыарқа шағын ауданы көшелерінің жолдары бар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.