Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

Іскер әйелдер арасындағы 5 спорт түрінен жарыс өтті

c 17:23, 01/06/2021 c 286

"Іскер әйелдер кеңесі шақырады". Осылай деп аталмыш қауымдастықтың мүшелері нәзік жанды мемлекеттік қызметкерлерді спорттық додада бақ сынасуға шақырды. Бұл ұсынысты лезде қабыл алған мемлекеттік қызметкерлер басқарма бойынша бірнеше команда жасақтап, сайысқа сақадай сай келіпті. Нәзік жандылардың басын қосқан спартакиадада 6 командадан 60-тан аса қатысушы бақ сынады.
Сайысқа қатысушылар екі топқа бөлінген. 40 жасқа дейінгі және одан жоғары жастағы азаматшалар спорттың 5 түрінен бақ сынады. Жеңіл атлетикадан бастау алған жолдастық сайыс жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар осы күні шахмат, волейбол, эстафета сынды спорт түрлерінен үздіктер анықталды. Нәтижесінде салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оздырылған сайыста жалпа командалық есепте іскер әйелдер кеңесі жеңіске жетті.
Айта кету керек, нәзік жанды іскер әйелдердің басын қосқан бұндай жарыс облыс көлемінде тұңғыш рет оздырылып отыр. Жолдастық спартакиада санитарлық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылды. Облыстық спорт басқармасы алдағы уақытта аталмыш жолдастық кездесулерді жиі өткізуді жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.