Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕҢ ТӨМЕНГІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ӨСЕ МЕ?

c 19:11, 26/05/2022 c 944

0:00 / 0:00

Үкімет ең төменгі зейнетақы көлемін арттыруға дайын ба? Сенат депутаттарын мазалаған сұрақ осы болды. Сенатор Рысқали Әбдікеров 4 пайызға индекстелген зейнетақы көлемі әлеуметтік теңсіздікті білдіреді дейді. Депутаттың айтуынша, биыл сәуір айынан бастап әлеуметтік сала шығыстары қосымша 4 процентке артты. 40-50 теңге көлеміндегі зейнетақы 2 мың теңгеге ғана өссе, 300-400 мың теңге көлеміндегі зейнетақы 16 мың теңгеге дейін өскен. Еңбек министрінен ең төменгі зейнетақы көлемі қашан өседі деп сұрады. Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова ең төменгі, орташа және жоғары зейнетақы арасындағы айырмашылық азайтылатынын мәлімдеді.

Елімізде ең төменгі зейнетақының көлемі – 46 302 теңгені құраса, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге болып отыр. Ал биыл сәуір айынан бастап зейнетақы 4 пайызға өсті. Алайда 40-50 теңге көлеміндегі төменгі зейнетақы бар-жоғы 2 мың теңгеге артып отыр. Сенаторлар бұл дегеніміз әлеуметтік теңсіздік дейді.

Еңбек министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, зейнетақы және басқа әлеуметтік төлемдерді индексациялау инфляцияға қарай бюджеттік тәртіп бойынша жасалады. Ал ең төменгі зейнетақы өсіру мәселесі қазір үкіметтің назарында деп қуантып қойды. Тіпті ұлттық және халықаралық сарапшыларды шақырып, жұмысты бастап кеткен. Алайда, ол қанша пайызға өсетіні беймәлім.

Сондай-ақ, көпшілікті алаңдатқан зейнет жасын төмендету мәселесі күн тәртібінде деген болатын бұған дейін үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов. Еңбек министрі де ұсыныс қаралып жатыр деген еді. Бұл сұрақты тілшілер министрге тағы да қойды. Дүйсенова ханым зейнет жасын төмендетсек, зейнетақы көлемі де азайып қалады деп отыр.

Өздеріңізге мәлім, 2027 жылға дейін қазақстандықтардың зейнеткерлікке шығу жасы 63 жасты құрайтын болады. Алайда, депутаттар мен қоғам белсенділері зейнет жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынуда. Әсіресе мүгедектігі бар, зиянды өндіріс орындарында жұмыс істейтіндердің және әйел азаматтардың зейнеткерлікке ертерек шыққаны жөн дейді олар. Әзірге үкіметтің бұған айтар жауабы жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.