Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесі сын көтермейді

c 19:37, 03/03/2021 c 632

0:00 / 0:00

Еліміздің денсаулық сақтау жүйесі сын көтермейді. Таныс-тамырсыз ауруханаға жата алмайсыз. Азаматтар өздеріне тиесілі тегін медициналық көмекті толық ала алмай отыр. Қатерлі ісікке, сирек кездесетін ауруға  шалдыққан балаларды емдету үшін халық ақша жинап, шетелге жібереміз. Білікті дәрігер-мамандар  шындықты айтқаны үшін жұмыстан қуылады. Мәжіліс депутат Ирина Смирнова вице-премьер Ералы Тоғжановқа арнаған сауалында жоғарыда айтылған мәселелерді тізбектеп шықты.Сондай-ақ жемқорлықпен күрес агенттігі мен есеп комитетінен денсаулық сақтау министрлігіне қатысты сансыз шағымдар бойынша тексеру жүрігзуді сұрады.

Пандемия барасында еліміздің денсаулық сақтау жүйесінің бетпердесі ашылып қалды. Әлем болып қауіпті індетпен күресіп жатқанда жасанды түрде дәрі тапшылығы орын алды. Оған қоса жемқорлық фактілері де бірінен соң бірі ашыла бастады. Қазақстандықтар елдегі медицина саласына толыққанды разы деп айту қиын. Танысың болмаса ауруханаға жатуың да проблема. Бәрі ақшамен шешіліп жатыр дейді депутат Смирнова. Тіпті медициналық сақтандыру қорына төлем жасамағаны үшін емдеуден бас тартып жатқан жағдайлар тіркелуде.

Ирина Смирнова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты «Ішіндегі баласы өліп қалған жүкті әйелге ота жасудан бас тартқан. Енді не істеймін деген сұрағына, «өле берсең болады» деген. Тек бұл мәселе әлеуметтік желіге шыққан соң ғана, ол әйелге ота жасалды».

Смирнов келтірген тағы бір дерек, «Даму мед» қосымшасына қатысты болды. Мұнда қазақстандықтар өздеріне көрсетілмеген медициналық көмектің тізімін көріп таң қалуда. Тіпті ер адам өзінің жүкті екені жайында ақпарат алады. Енді біріне соқыршекке ота жасалыпты. Бұл дегеніміз медициналық сақтандыру қорына жиналып жатқан халықтың ақшасы кейбір клинкалар үшін таптырмайтын табыс көзі болып отыр дейді депутат. Халық арасында шетелде ем алуға қаражат жинау көбейіп кетті.Әлеуметтік желіде қатерлі ісікке шалдыққан балаларға шетелде ем керек деген хабарлама көп тарайды. Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінен күдер үзген қара халық бір-біріне қолдау жасауда.

Ирина Смирнова – ҚР парламент мәжілісінің депутаты -«Мәселе көп жағдайда науқас балаларға қатысты. Балаларға дұрыс ем жасалмаған, не болмаса маман болмаған деген мәселе көп. Тіпті дәрі жоқ деген сылтаулар да бар. Неге мұндай ауру балалар шетелде емделу үшін мемлекеттен көмек ала алмайды. Шетелге барып емделу үшін квота алу мүлдем мүмкін емес. Неге біздің клинкиалардағы сапасыз медициналық қызмет азаматтарды  барын сатып, несие алып, халыққа қолын жаюға апарып отыр? Еуропа, Ресей, Корея елдерін айтпағанда,  көршілес Қырғыз, Өзбекстан елдеріне барып ем алуға мәжбүрміз. Бұл біздің денсаулық сақтау жүйесінің сын көтермейтін білдіреді».

Ирина Смирнова вице-премьер Ералы Тоғжановқа арнаған сауалында денсаулық сақтау жүйесі өзінің тікелей міндетін атқара алмай отыр деді. Мұндай жағдай орталықтан бастап, аудан деңгейінен дейін қалыптасқан. Осыған орай депутат  жемқорлықпен күрес агенттігі, экономикалық қылмысты бақылау   органы мен есеп комитетінен денсаулық сақтау министрлігіне қатысты сансыз шағымдар бойынша тексеру жүргізуді сұрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.