Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Дауылды футбол

c 18:22, 02/05/2018 c 702

0:00 / 0:00

Өткен аптаның аяғында "Ақжайық" аяқдопшылары жергілікті алаңда қарағандылық "Шахтер" командасын қабылдады. Қазақстандық премьер-лигалар арасындағы ел чемпионатының жетінші кездесуі Ақсай қаласындағы "Қарашығанақ" футбол алаңында өтті. Сол күнгі күн райының қолайсыздығы ойында қос командаға да оңай соқпады.

Европа лигасының топтық кезеңінде ойнаған тұңғыш қазақстандық команда, футболдан 2012 жылғы ел чемпионы қарағандылық "Шахтермен" ойнау оңайға соқпасын сезінген оралдық "ақжайық" аяқдопшылары ойында аянбай барын салды. Бірінші таймда арттарынан соққан желдің де пайдасы болдыма, ойынның 26-шы минутында ақжайық шабуылшысы Шаихов алғашқы голды салды. Ал енді екінші таймда ақжайықтықтар шахтер мен қоса, желге де қарсы ойнады. Ойынның 55-ші минутында шахтерлік жартылай қорғаушы Александр Володько есепті теңестірді. Сөйтіп тең түскен ақжайық турнирлік кестеде 6-шы орынды сақтап қалды.

Владимир Журавель
«Шахтер» ФК бас жаттықтырушысы
Бұндай табиғат жағдайында ойын туралы айту да қиын. Қос команда да өз мүмкіндіктерінше ойнады. Барын салуға тырысты. қатты желдің салдарынан екі команда да бір-біріне бір-бір голдан салды. Одан басқа ешқандай іс болмады.

Алаң иелері "Ақжайық" клубының бас жаттықтырушысы да, қарсылас "шахтерлік" әріптесінің сөзін қостады.

Владимир Мазяр.
"Ақжайық"ФК бас жаттықтырушысы
Бүгінгі табиғат құбылысы ойынға өзінің үлкен әсерін тигізді. Бірінші бөлімде қарсыластар қақпасына бір гол салғанымызбен, екінші бөлім мүлдем басқаша болды. ойыншыларға рахмет. қанша рет шабуылға шығып, бір-біріне бірнеше мәрте доп шығарды, барынша күресіп бақты. Бастысы тырысу , жұмыс бар. Енді алға жылжимыз деген үміттемін.

Келесі кездесуін "Ақжайықтықтар" петропавлдықтарда қонақта "Қызылжарға" қарсы өткізеді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.