Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов Ақсай қаласында халықпен кездесті

c 17:58, 27/09/2019 c 1023

0:00 / 0:00

БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов Ақсай қаласында халықпен кездесті.Айта кетейік Ақсай қаласында мұндай есептік кездесу алғаш рет өтіп отыр.Полиция бастығына халық көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.Ақсай қаласы кәсіпорын ошақтары көп қалалардың бірі.Соған қарамастан кәсіпорын ошақтарында тіркелген қылмыстар мүлдем жоқ.
БҚО ПД бастығы Махсудхан Аблазимов алдымен Ақсай қаласында халықты жеке сұрақтарымен қабылдады.Қабылдауға келген тұрғындар өздерінің жеке сұрақтарын қойды.Одан әрі ПД бастығы мәдениет үйінде халықтың алдына шығып жалпы БҚО ахуал туралы баяндады.Бір қуантатыны облыста қылмыс саны төмендеген.Бірақ бөтеннің мүлкін ұрлау мәселесі тиылмай тұр.Биылғы жыл басталғалы пәтер ұрлығына қатысы бар 342 адам ұсталыпты.
Полиция өкілдерінің жұмыла жасаған қызметі арқасында адам денсаулығына зиян тигізетін ауыр қылмыстар саның қысқарту мүмкіндігі туып отыр деді өз баяндамасында ПД бастығы.Соның ішінде бұрын сотталған адамдардың қолымен жасалатын қылмыстар саны азайған.Қоғамдық орындарда тіркелетін қылмыстар саны да әжептауыр төмендепті.Ауылдық жердегі ағайын үшін мал ұрлығы өзекті болып тұр.Өкінішке орай мал ұрлығы көбіне еркін жайылымдарда тіркеледі.
Ақсай қаласында өткен кездесу барысында тұрғындар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды.Олар көп қабатты үйлердегі камералардың жұмысы туралы және көшелерді жарықтандыру ісін қозғады.Одан бөлек көшедегі қозғалысты реттейтін жол белгілерінің тым ескіріп кеткіндігін де тілге тиек етті.Ақсай қаласы кәсіпорындары көп қаланың бірі.Бұл жерде негізінен шетелдік компаниялар жұмыс жасайды.Полиция өкілдеріне осы мәселені айттық.Белгілі болғанындай бұл жерде көші -қон туралы заң талаптары бұзылмаған.
Ақсай қаласында өткен есептік кездесу соңында Бөрлі ауданындағы қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып жүрген бір топ азамат генерал -майор Махсудхан Аблазимовтың қолынан мақтау қағаздарын алды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.