Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалар-біздің болашағымыз!

c 17:29, 09/07/2018 c 838

0:00 / 0:00

Теректі ауданына қарасты Подстепный ауылының тұрғындары арасында таэквондоға деген қызығушылық айқын байқалады. Бұл жердегі бес жастағы бала мен жиырма бестегі азамат та осы спорт түрін жанына серік қылған. Аталмыш спорт секциясы осыдан үш жыл бұрын өз жұмысын бастапты. Қазіргі таңда, бұл спорт түрі бойынша отыздан астам Постепныйлық өрендер шеберліктерін шыңдау үстінде. Елорда күніне орай ұйымдастырылған сайысты тамашалау үшін «Ақ жол» партиясының өкілдері де арнайы табан тіреді.

Ауылдық жерде таэквондо спорт түрінен балаларды тәрбиелеп жүрген жаттықтырушылар бұл салада да қордаланған мәселе аз емес. Ауылдық жерде бұл спорт түрінің кең қанат жаюына ғимараттың таршылық етуі қол байлап тұр,-дейді. Бапкерлер мен ата-аналардың көмектесуінің арқасында тозығы жеткен ғимарат біраз жөндеу көріп, балалар сүйікті секциясында шеберліктерін шыңдап жатыр.

Балалар - біздің болашағымыз. Ауылдық жерде өмір сүретін балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру үшін қолға алынып жатқан істер де аз емес. Алайда, облыс орталығының іргесінде орналасқан ауылға бір спорт кешенінің бой түзеуі артық етпесі анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.