Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жазаланады

c 17:02, 23/12/2021 c 1798

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және негізсіз өсірмеу мәселесі талқыланған жиын өтті. Басқосуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер, сауда үйінің иелері, наубайхана, базарлардың басшылары қатысты.ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қатысты 9 талдау жүргізген. Оның қорытындысы бойынша бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін бірқатар кәсіп иелеріне ескертпе берілген. Олардың қатарында "Едаменко", "Марченко" "Абатов" жеке кәсіпкерлігі мен "Dina Market", "Идеал Маркет", "Перун Трейд", "Астанапрод", "Орал Логистик" секілді ЖШС-лар бар. Сондай-ақ биыл нан, жұмыртқа, ұн және тауық етін өндірушілердің бағасын көтеру мүмкіндігі туралы жария өтініш фактісі бойынша департамент 6 ЖШС-ке ескерту берген. Айта кетсек, олар "Жайық Ет", "Желаев нан өнімдері комбинаты", "Белес-Маркет", "Орал құс фабрикасы", "Агрофирма "Акас" , "Уральская птицефабрика" ЖШС. Осы орайда облыс әкімі Ғали Есқалиев азық - түлік бағасын негізсіз қымбаттатқандар заң аясында жауапкершілікке тартылатынын айтты.Кеңес барысында негізсіз баға өсіру және өзара бағалық сөз байласу фактілері анықталған кезде жедел шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді. Осы бұзушылықтардың барлығы Қазақстан Республикасының заңнамасы шеңберінде анықталатыны және қатаң жазаланатыны туралы айтылды. Сонымен қатар, облыс тұрғындарына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жоғары баға қою фактілеріне куә болған жағдайда бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаментіне, кәсіпкерлік басқармасына немесе аудандар мен қаланың кәсіпкерлік бөлімдеріне жүгіну ұсынылды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.