Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ата кәсібі

c 21:45, 26/05/2020 c 816

0:00 / 0:00

Үкіметтен дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде мал шаруашылығын және инвестициялық салымдарды субсидиялауға қосымша 28,5 млрд теңге және АӨК саласын несиелендіруге 400 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бүгін өткен үкіметтің онлайн отырысында ата кәсібі-мал шаруашылығын дамыту мәселесі талқыланды. Мәлім болғандай, елде түйе шаруашылығы қарқынды дами бастады. Мұсылман халқына жат шошқа өсіріп, шетелге тасымалдауға да шаруалар қызығушылық танытуда.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытып, экономиканың негізгі қозғалтқышы қылу мақсаты тұр. Мал шаруашылығы-ата кәсібі болғандықтан, бұл салада шағын шаруалар нәтиже бере бастады. Ең бастысы шаруаларға қажетті қолдау жасалса. Шетелдік компаниялар шошқа етінің өндірісіне  қызығушылық танытып, ақша құйып жатыр. Ауыл шаруашылық министрінің айтуынша, елде мұсылмандар үшін жат-шошқа өсіріп, оның етін  көрші Қытайға экспорттау жоспары бар.

Дәстүрлі жылқы,сиыр, қой өсіріп, етін сатуда шаруалардың ісі жүріп тұр. Тек кәсібін ірілету үшін арзан несие немесе мемлекеттік субсидияға бәрі бірдей қол жеткізе алса деген мәселе бар. Түркістандықтар мал шарушалығын дамытуда түйе өсіруді әбден қолға алыпты. 30 мың түйе бағып отыр. Мақсат түйе басын 90 мыңнан асыру. Себебі, бір түйенің құны млн теңгеге жетіп жығылады. Ал шұбатының литрі мың теңгеден сатылуда.

Құс етін өндіруде шет қалып жатқан жоқпыз. Былтырғы жылы 1 жаңа құс фабрикасын және 5 жобаны жаңғырту арқылы құс етінің өндірісі 14%-ға  өсті.  Дегенмен құс етін  импорттау үлесі 45% құрап отыр. Яғни бұл саланы дамыту қажет. Құс өсіруге экс-премьер министр Терещенко мырза екі қолын сыбана кіріскен көрінеді.

Үкіметтен дағдарысқа қарсы шаралар шеңберінде мал шаруашылығын және инвестициялық салымдарды субсидиялауға қосымша 28,5 млрд теңге және АӨК саласын несиелендіруге 400 млрд теңге көлемінде қаражат бөлінді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.