Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«АШЫҚ ЖАУАП»

c 19:59, 20/06/2022 c 910

0:00 / 0:00

Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Украинадан Ресейдің ықпалымен бөлінген, мойындалмаған "Донецк халық республикасы" мен "Луганск халық республикасын" Қазақстан да мойындамайтынын айтты. Өткен аптада Петерборда өткен айтулы жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин қатысқан жиында журналист Маргарита Симонян қазақ басшысы Тоқаевқа «Қазақстанда Ресейдің «арнайы операциясы» туралы не ойлайды?» деген сұрақ қойған болатын. Тоқаев журналистің сұрағын ашық жауабын осылай жеткізген еді.

Әлемді алаңдатып отырған Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс әлі жалғасуда. Ресей өз тарапынан «Донецк халық республика » мен «Луганск Халық республикасы» құрылғанын мәлімдеп, Украинандан бөліп алғанды. Өз кезегінде Ресей жағы бұл қақтығыс «арнайы операция» деп бағалайды. Украинадағы соғысты Қазақстан қолдамайтынын, БҰҰ-ң аймақтықтық тұтастықты сақтауға қатысты қағидасын ұстанатынын сыртқы істер министрлігі мәлімдеп келгенді. Дегенмен, көршінің әрекетіне қатысты қазақ басшысының жеке пікірін білгісі келген ресейлік журналистерге Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ашық, лайықты жауабын берді. Тоқаев өз халқының пікірін бөлісетінін айтты. Қазақстан Президенті Украинадан Ресейдің ықпалымен бөлінген «Донецк халық республика » мен «Луганкс Халық республкиасын» Қазақстан мойныдамайтынын айтты.

Сондай-ақ, орайы келіп тұрғанда қазақ басшысы ресейлік саясаткерлердің Қазақстанның мемлекеттілігіне қатысты кереғар пікірлерін де сынға алды.

Ал Петербордағы жиында айтылған қазақ басшысының пікірі әлеуметтік желіде кеңінен тарап, сарапшылар тарапынан баға беріліп те үлгерді. Қасым-Жомарт Тоқавтың ашық жауабы екі елдің ынтымақтастығына көлеңке түсірмей ме деген пікірлер де жазылды.

Тіпті Қазақстан өз аумағында көмір тиелген ресейлік 1700 теміржол вагонының қозғалысын бұғаттап тастаған деген ақпарат тарады. Алайда, еліміздің құзырлы органдары бұл ақпарат шындыққа жанаспайды деп отыр. Энергетика министрінің айтуынша, екінші дүниежүзілік соғыстан қалған жарылғыш заттарды тазалау үшін кейбір жолдарды он күнге жабылған боалтын дейді.

Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің көлік комитетінің хабаралуынша, Қазақстан аумағында көмір тиелген 1700 бірлік көлеміндегі ресейлік вагондар жоқ. РТЖ жолдарында да Қазақстанға бағытталған болмаса Қазақстаннан шыққан көмірі бар вагондар тіркелмеген. Ресей темір жолдарымен штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, экспорт пен импорт бойынша ешқандай кідіріс жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.