Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

«АSAR JOLY» АҚ ЖАЙЫҚ ТӨРІНДЕ

c 09:52, 11/08 c 1432

0:00 / 0:00

«Асар жолы» жобасы Орал шаҺарына келіп жетті. Қор өкілдерін Ақжайықтықтар Тұңғыш президент алаңында ерекше қарсы алды. 16 шілде күні Елордада өз сапарын бастаған қайрымдылық марафоны жеткен бұл 7-ші қаласы.

Сәйгүліктерін сайлап, Ақжайық төріне табан тіреген «Асар жолы» қайрымдылық жобасы өкілдерін Оралдықтар құшақ жая қарсы алды. Халықтың осал топтары үшін шырылдап, олардың әлеуметін артыру үшін бар күш-жігерін салып жүрген «АсарҮме» командасына арнап Тұңғыш президент алаңына киіз үйлер тігіліп, шашу шашылып, ақ дәм ұсынылды.  Шілденің 16 жұлдызында өз сапарын бастаған бұл жобаның басты мақсаты- Қазақстанның барлық қалаларын аралап, аз қамтылған отбасылдарға жеке баспана сыйлау. Халық арасында мейрімділікті, адалдықты, қайрымдылықты насихаттау. Айта кетейік, жоба басталғалы бері табан тіреген 6 қалада «Асар үме» командасы 12 отбасыға тұрғын үйлі болуға көмектесті. Соңғы 3 жылда «Асар үме» командасы халықтың қолдауымен бүкіл ел бойынша 455 отбасыға баспана сыйлады. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал таптарының өмір сүру деңгейін жақсартуға, тұрмысы төмен отбасырады жұмысқа орналастыруға, оқу оқып, білім алуға қол ұштарын созып келеді. Орал қаласындағы өз миссиясын аяқтаған соң «Асар жолы» Атырау, Ақтау қалаларына ат басын бұрмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.