Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

АРЗАН НЕСИЕ ӘУРЕГЕ САЛДЫ

c 19:33, 16/05 c 771

0:00 / 0:00

Бүгін 4 пайыздық автонесиені беру басталды. Жеңілдетілген несиеден үміттілер саны көп болғасын ба, таңнан бері елордадағы автосалондарға кезек тым ұзақ. Жүздеген адам жиналып, арзан несиеге көлік алып қалуға ниетті. Алайда, көпшілік ойлағандай салонға барып, таңдаған көлігіңді бірден ала алмайсың. Автосалонда көлік сатып алуға өтінімді тікелей рәсімдеу әзірге мүмкін емес. Автокөлік дилерлерінің қызметкерлері тізім жасайды. Содан кейін оларды базаға енгізіп, төлем шотын қолға береді. Әрине салондарда банк өкілдері отыр. Әзірге төрт банк жеңілдетілген автонесие береді. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының өкілдері аталмыш несиені беретін банктер саны әлі де кеңеюі мүмкін дейді. Алайда, дәл бүгін банктерде ақша жоқ дейді жиналғандар.

Аты-шулы жеңілдетілген автонесиені көпшілік күтіп жүргені мәлім. Бүгіннен бастап 4 пайыздық автонесиені беру басталды. Ал арзан несиеден үміттілер саны көп. Таңнан бері елордадағы автосалондарға келушілердің қарасы күрт артты. Тіпті, ұзын-сонар кезекке тұрып, өтініш білдіріп жатыр. Алайда, бәрінің бірдей өтініші қабылданып жатқан жоқ.

Ал дәл осы кезде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы мен банк өкілдері 4 пайыздық жеңілдетілген автонесиенің қалай, кімге берілетінін түсіндіріп, баспасөз маслихатын өткізді. Олардың айтуынша, арзан несиені беруде ешбір санатқа басымдық берілмейді. Жеңілдетілген несиені алу үшін алдымен сатып алушы автосалоннан көлік таңдап, төлем шотын алып, содан кейін банкке баруы керек. Егер ол таңдаған көлік түрі автосалонда жоқ болса, күтуге тура келеді. Автомобиль келген кезде тұтынушы автосалонға шақыртылады. Сол жерден өзі таңдаған көлікке төлем шотын алады. Ол шотта көліктің VIN-коды болуы керек. Осы төлем шотын қолына алып, банктен пайыздық несие рәсімдейді. Банк өтінім мен төлем шотын тек VIN-код арқылы ғана алады. Осылайша, жеңілдетілген несие беруде таныс-тамырды өткізіп жіберу сияқты жемқорлыққа жол берілмейді деп сендіреді олар.

Сондай-ақ, 4 пайыздық автонесие кезегін өзгеге табыстауға рұқсат жоқ. Әзірге жеңілдтеліген несиені төрт банк арқылы ала аласыз. Бірақ банктер саны артуы мүмкін.

Еске сала кетейік, жеңіл автокөліктерді сатып алуға берілетін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі ¬– 4% құрайды. Ал несиелендіру сомасы – 10 млн теңгеден аспайды. Жеңілдетілген несие бастапқы жарнасыз 7 жылға беріледі. Көлік құны 15 млн теңгеден жоғары болмауы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.