Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардақ Назаров Зеленовта

c 12:20, 10/10/2018 c 669

0:00 / 0:00

Әлемнің үш дүркін чемпионы, Еуразияны екі мәрте бағындырған, Қазақстанның еңбек сіңірген спортшысы Ардақ Назаров Ақжайық өлкесіне табан тіреді. Атақты спортшы алғаш болып Зеленов ауданында барып, аудан тұрғындарымен кездесті. Спортты жанына серік қылып, қазақтың намысын түрлі додаларда қорғап, бүгінде дарынды спортшы тәрбиелеп жүрген бапкер жастарға қандай кеңес айтқандығы туралы толығырақ арна тілшісі жалғастырсын.

Әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров Ақ жайық өлкесіне келгенде алғашқы болып, Зеленов ауданында табан тіреп, аудан тұрғындарымен кездесті. Тағылымды шараға келген жастар мен аудан тұрғындарының қарасы қалың болды. Кездесуде алғаш сөз алған аудан әкімі түрлі сайыстарда топ жарып жүрген спортшыға алғысын білдіріп, ақжарма тілегін арнады.

Мыңдаған жасқа үлгі болып жүрген спортшы қазақ халқы туралы, батырлардың ерлігі жайында сөз қозғап, ауыл жастарын спортпен шұғылдануға шақырды.

Кездесу оқушылар чемпионға сауалдарын жолдап, тұшымды жауап алумен қорытындыланды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.