Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алматының әкімі өзінің отбасына қатысты тараған қауесетті жоққа шығарды

c 19:12, 07/12/2018 c 623

Алматының әкімі өзінің отбасына қатысты тараған қауесетті жоққа шығарды. Бүгін Алматының әкімі Бауыржан Байбек Астанаға ат басын тіреді. Әкімдердің дәстүрлі брифингісіне келген Бәйбектің ұзын-сонар баяндамасынан соң, журналистердің бәрі бірдей сұрақ қойып үлгермей қалды. Әкімнің жоспары көп. Қаланы абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, Алматылықтарға мемлекеттік бағдарламамен баспана беру, туризмді дамыту жұмысы тұр екен.

Алматы қаласы әкімінің Астанаға келгенін асыға күткен журналистердің оған қояр сұрағы көп еді. Әкім Баурыжан Бәйбек әдеттегідей 1 сағатқа жуық баяндамасын оқып біткенше, брифингтің уақыты да шектеліп қалды. Тілшілердің бәрі бірдей сұрағын қойып үлгермеді. Әкім Алматылықтардың көңілінен шыға алмай жатқанын айтып түңілді. Өзі және отбасы жайлы тараған түрлі қауесеттерді жоққа шығарып әлек болды.

БАУЫРЖАН БӘЙБЕК – АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
"Заңсыз тұрған дүңгіршектерді сүре бастасақ, "әкім өзінің дүңгіршектерін орнатқысы келеді",- дейді. Жолдарды жөндесек, "бордюр мен плита зауыттары әкімге тиесілі" деп шығады. Сондықтан біз мердігерлерден құрылыс материалдарын қандай зауыттардан алатыны туралы ақпаратты жариялауды талап етіп отырмыз. Автотұрақтарды менің отбасым иеленіп алған деген қауесет шығарды. Менің ойымша, мұны заңды жұмыстың жүргізілмегенін қалайтындар жасап отыр. Осы әрекеттері арқылы олар әкімдікке қысым көрсетіп, онсыз да қиын көлік реформасын жүргізуге кедергі келтіргісі келетіні анық".

Әкім Бәйбектің жұмысына кедергі жасағысы келіп отырғандар кім екенін білмейміз, бірақ ол қаладағы ірі кәсіпорындардың ауаны ластағаны үшін төлейтін айыппұлдары жергілікті бюджетке түскенін қалайды.
Әкімнің жұмысын жіті назарда ұстап отыратын алматылықтар «Көк Жайлау» тау шаңғысы курортын салу жобасын да сынға алып, жайқалып өсіп тұрған ағаштарды кесуге қарсылық білдірген еді. Алайда, Бауыржан Бәйбек "Көк Жайлау" курорты – қала экономикасындағы туризмнің үлесін ұлғайтуға мүмкіндік беретін экологиялық жағынан таза жоба деп ақталды.Жоба бұдан бес жыл бұрын әзірленген. Алайда жұртшылық тарапынан сын көбейе берген соң, 2015 жылы жоба уақытша тоқтатылған. Бұл химия зауыты емес. Францияда 200 тау шаңғысы курорты бар, бірақ ол экологиясы керемет үздік елдердің қатарына кіреді. Тау туризмі жағажайға қарағанда жеті есе көп табыс әкеледі деп шырылдады Алматы әкімі.

Ә.Қалкен

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.