Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алаш идеясы - біртұтас қазақ идеясы

c 18:58, 09/02/2018 c 1322

0:00 / 0:00

Биыл алаш партиясының батыс бөлімінің құрылғанына 100 жыл, сондай-ақ осы батыс бөлімінің жетекшілерінің бірі - Халел Досмұхамедінің де туғанына биылғы жылы 135 жыл толып отыр. Дөңгелек үстел барысында аталған даталарды сәйкесінше насихаттап, түрлі шараларды ұйымдастыруды қолға алу жоспарланды. Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі ең елеулі оқиға болғаны белгілі. Қазақ зиялыларының құрған партиясының 100 жылдық мерейтойын тойлау да еліміздің өңір-өңірінде аталып өтілді. Батыс өңірі де бұл шаралардан шеткері қалмай, талай ауқымды шаралар ұйымдастылғаны рас. Ақжол партиясы да тұңғыш ұлттық саяси ұйымның 100 жылдығын тойлаудың басы-қасынан табылды. Демократиялық партия өкілдері Алаш Орданың 100 жылдығына арнап «Алаш жолымен» атты ғылыми экспедиция да ұйымдастырған-ды. Экспедиция барысында Алаш Орданың түп қазығы саналар біздің өңірден бірқатар тың деректер жиналған.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.