Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әділ соттан үмітті

c 20:00, 12/09/2019 c 861

0:00 / 0:00

Алты ай бойы тергеу изоляторында қамауда отырған ауыл шаруашылық министрлігінің  Су ресурстары комитетінің экс-басшысы Ислам Әбішевке  қатысты тағылып отырған айып негізсіз дейді, оның қолдаушылары. Бүгін Әбішевтің қорғаушылары мен қолдаушылары елордада баспасөз маслихатын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 14-і наурызында  Су ресурстары комитетінің экс-басшысы Ислам Әбішев қамауға алынған болатын. Әбішевке бопсалау арқылы 60 млн теңгеден астам пара алды  деген күдік тағылып отыр.

Алты ай бойы тергеу изоляторында қамауда отырған экс-шенеунік Ислам Әбішевке

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі  бопсалау арқылы 60 млн теңгеден астам пара алды деген күдік тағып отыр. Тергеу мәліметінше, ол ақшаны мердігер ұйым өкілінен мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасасу үшін алған. Су ресурстары комитетінің экс- басшысынан басқа, қазір Халықаралық "Қазақ күресі" Дүниежүзілік федерациясы" қоғамдық бірлестігінің вице-президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Әбішевтің  осы федерацияның президенті болып табылады. Екі лауазымды тұлға бопсалау арқылы мердігер ұйым өкілінен "Соколов топтық су құбырының реконструкциясы және ауылдық жерлерге су жеткізетін таратушы торап құрылысы, екінші кезек" қызметі бойынша 5,8 миллиард теңгелік мемлекеттік сатып алу келісімшартын ұйымдастырғаны үшін 60 миллион теңге пара алған, деген  күдікке ілініп отыр. Алайда, оның қорғаушылары, айыптаушы жағының әлі күнге дейін нақты дәлелдері жоқ дейді.

Сондай-ақ, қорғаушының айтуынша, күдікті Ислам Әбішевке тергеу барысында өзара келісімге бару ұсыныстары жасалған көрінеді.

Әбішевтің бауыры басымызға қиын жағдай түскенде, зейнеткерлік жасына шыққалы отырған ағамызға келісімге бар деп ұсынып, кейін өкініп қалдым деп отыр.

Күдікті Әбішевті қолдаушы топ, 200 мың адам қол қойған хатты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдап, қолдау сұрады. Оның ішінде Парламент, маслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері бар.   Хатта  Су ресурстары комитетінің төрағасы болған Ислам Әбішевтің  мемлекет мүддесіне еңбек еткенін айтқан. Керісінше, Әбішев сумен қамту мәселесінде  мемлекет қазынасының алдымен 300 миллиард теңгені үнемдегенін, кейін мемлекеттік бағдарламаға бөлінгелі тұрған 1 триллион 500 миллиард теңгенің 1 триллиондайын үнемдеген мысалдарын алға тартады. Ал Ұлттық бюро өкілдері бұл мәселе қатысты тергеу жүріп жатқандықтан ешқандай ақпарат бере алмайтындарын айтып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.