Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

500ге тарта «жасылелдік» шаһарды гүлдендіруге үлес қосады

c 11:34, 30/07/2018 c 1734

0:00 / 0:00

Бұл туралы «Жайық Таза Қала» ЖШС басшылығы мәлімдеді. Коммуналдықтар шаһар аймағының жылдан жылға ұлғайып келе жатқандығын айтады. Газондар мен гүлзарлар да көбеюде. Жұмысшыларға жоғары оқу орындарының студенттері қолғабыс етіп жатыр.
Елбасы бастамасымен қолға алынған «Жасыл ел» еңбек жасағы 2015 жылы 10 жылдығын атап өтті. Студенттердің жұмысы тек қоршаған ортаны қорғап, жасыл-желек өсіруге ғана бағытталмаған, жастарды еңбекке баулу негізгі мақсат. Туған өлкені қорғау арқылы олардың бойына елжандылық қасиеті де сіңеді.

«Жасыл ел» жасағына 1100ден астам студент енеді. Алғаш рет жасылдандыру жұмыстары облыс аудандарында да жүргізілмек. "Жасыл Ел" штабына негізінен төменгі курс студенттері енеді екен. Осылайша олар қажетті тәжірибелерін жасақ құрамында жүріп жинақтайды. Студенттер жазда ағаштар мен гүлдерге күтім жасаса, күзге таман ағаштарды жегенелеп отырады.

Бұл көрсеткіш былтырғыдан 4 мың шаршы метрге артып отыр. Бұл қала аумағының артуымен қатар, гүлзарлардың да көбеюіне байланысты.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.