Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар бейнекамераға түсіп қалды

c 17:47, 24/11 c 1

0:00 / 0:00

Қызыл кітапқа енген сирек жануарлар Атырау облысында бейнекамераға түсіп қалды. Каспий итбалықтары табиғи ортасында еркін жүзіп жүрген жерінен таспаға түсірілген. Ерекше сәтті «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторы байқап қалған. Қорғалатын аумақты кезекті аралау кезінде мемлекеттік инспектор теңіз жануарларын байқап, олардың тіршілігін видеоға түсірген. Кадрлардан итбалықтардың Каспий теңізінде еркін жүзіп жүргенін көруге болады. Айта кетейік, Каспий итбалығы - тек Каспий теңізінде ғана кездесетін ерекше сүтқоректі жануар. Ол Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген және мемлекет қорғауында. Мамандар сирек кездесетін жануарлардың табиғи мекен ету ортасын сақтау аса маңызды екенін атап өтті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.