Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАП, САТУМЕН АЙНАЛЫСҚАН АЗАМАТТАР ҰСТАЛДЫ

c 17:18, 24/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанның бірнеше қаласында есірткі тасымалдап, сатумен айналысты деген күдікке ілінген азаматтар ұсталды. Олардың арасында Алматыдан Павлодарға арнайы есірткі тарату үшін келген әйел де бар. Алматыда полицейлер 56 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Оның көлігі мен үйін тінту кезінде 220 грамнан астам кетамин тәркіленген. Ал Шымкентте 21 жастағы азамат ұсталды. Одан шамамен 500 грамм синтетикалық есірткі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті тыйым салынған заттарды қала аумағында сатуды жоспарлаған. Павлодарда 32 жастағы әйелден бір жарым келіге жуық альфа-PVP және 30 граммдай мефедрон тәркіленді. Тергеу барысында оның әлеуметтік желіден есірткі тасымалдаушыға арналған жұмыс туралы хабарландыру тауып, осы мақсатпен Алматыдан Павлодарға арнайы келгені анықталған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, қарашаның алғашқы он күнінде ел аумағында есірткіге қатысты 56 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 35-і - қылмыс. 35 күдікті ұсталып, олардың 19-ы есірткі сату дерегі бойынша жауапқа тартылған. Жалпы заңсыз айналымнан 200 келіден астам есірткі тәркіленді. Оның ішінде 190 келі марихуана, 13 келіге жуық синтетикалық зат және 4 келі гашиш бар. Ведомство мәліметінше, жүргізілген операциялардың нәтижесінде есірткінің жарты миллионға жуық бір реттік дозасының таралуына тосқауыл қойылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.