Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МЕКТЕПТІҢ 82 МИЛЛИОН ТЕҢГЕСІН ҚАЛТАҒА БАСҚАН

c 17:05, 24/11 c 1

0:00 / 0:00

Ақтөбе облысында мектеп-лицейдің бас есепшісі бюджет қаржысын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды. Ол басқа есепшілермен бірге қызметкерлердің жалақысын қолдан көтеріп, артық ақшаны өздеріне қайтарып алып отырған. Заңсыз схема үш жыл бойы жалғасқан. Тергеу материалдарына сәйкес, Шалқар ауданындағы №5 мектеп-лицейдің бас есепшісі өзге екі есепшімен сөз байласқан. Олар мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, қызметкерлердің есепшотына белгіленген мөлшерден артық жалақы аударған. Ал жұмысшылар ақшаны қолма-қол шешіп алып, артығын есепшілерге қайтарып отырған. Бұл әрекет 2021 жылдан 2024 жылға дейін жалғасқан. Қаржылық заңбұзушылық прокуратура бюджет қаражатының жұмсалуын тексере бастағанда әшкереленді. Нәтижесінде аса ірі көлемде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену және талан-таражға салу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен үш адам кінәлі деп танылды. Мектептің бас есепшісі 8 жылға, қалған екі есепші 7 жылдан бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар олардың барлығына 10 жыл бойы бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды. Алайда сотталушылардың кәмелетке толмаған балалары бар екенін ескеріп, жазаны өтеу мерзімін кейінге қалдырған. Сот үкімі заңды күшіне енді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.