0:00 / 0:00
Қазақстанның Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мемлекет басшысымен өткен жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша қызметтік жазаға тартылды. Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегі кадрлық өзгерістер аясында күштік құрылымдар жұмысының бірқатар кемшілігі анықталған. Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігі басшылығына қызметкерлердің кәсіби даярлығын арттыруды, тәртіптің сақталуын қатаң бақылауды, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер мен офицерлер құрамында моральдық-тәрбиелік жұмыстарды жандандыруды тапсырды.







