Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЛОМБАРД ЗАҢСЫЗ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН

c 15:54, 18/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанда заңсыз қызмет көрсеткен тағы бір ломбард анықталды. Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті «01market» ломбардтар желісін ұйымдастырушыға қатысты микроқаржылық қызметті заңсыз жүзеге асыру дерегі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан бастап «INVEST PRO KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Исмагулов Р.Б.» және «Pro Kz» жеке кәсіпкерлері арқылы комиссиялық сауда деген желеумен мүлікті кепілге қойып, іс жүзінде азаматтарға лицензиясыз несие берілген.Операциялардың шынайы сипатын жасыру мақсатында клиенттермен кепіл билеттері рәсімделіп, осылайша комиссиялық сауда мәмілелері жасалғандай көрініс қалыптастырылған. Ал қаражат қолма-қол беріліп отырған. Несие бойынша пайыздық төлемдер, қарыз мерзімін ұзарту және айыппұл қаражаттары аталған кәсіпкерлік субъектілерінің есепшоттарына түскен.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.