Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Мұнайшылар ереуіліне қатысты күдіктілер ұсталды

c 15:52, 01/11 c 1

0:00 / 0:00

Қазақстанның бірнеше қаласында Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірлескен арнайы операция жүргізді. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары ресми түрде растады. Арнайы шара 19 қазанда өткен. Алайда қылмыстық істің мән-жайы әзірге жарияланған жоқ. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, операция Маңғыстау облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеуіндегі қылмыстық іс аясында ұйымдастырылған. Тергеу құпиясына байланысты ведомство өзге ақпаратты жариялаудан бас тартты. Бұл ретте Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы негізге алынған. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Жаңаөзен қаласында бірқатар компания басшылары мен қылмыстық топ мүшелерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Олар жұмысшыларды әдейі ереуілге итермелеп, тапсырыс берушілерге қысым көрсету және ақша талап ету әрекеттеріне барған болуы мүмкін деген болжам айтылған. Алайда бұл мәліметтерге қатысты құқық қорғау органдары әзірге нақты түсініктеме берген жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.