0:00 / 0:00
Әйелдерге арналған «Ұмай» ипотекалық бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 3 қарашада басталады. Азия даму банкі «Ұмай» ипотекалық бағдарламасын жалғастыру үшін Қазақстанға қосымша 20 миллиард теңге бөлді. Ал ипотеканың негізгі шарттары өзгеріссіз қалды. Бағдарлама аясында берілетін несиенің ең жоғары сомасы - 50 миллион теңге. Жылдық пайыздық мөлшерлеме - 14,8 пайыз. Ал несиенің жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 16,3-16,8 пайыз аралығында белгіленген. Бағдарламаға қатысатын әйелдердің отбасының орташа айлық таза табысы 1 миллион 250 мың теңгеден аспауы тиіс. Сонымен қатар соңғы алты айдағы ресми табысын растау қажет. Бастапқы жарна мөлшері тұрғын үй сатып алынатын қалаға байланысты өзгереді. Астана мен Алматыда баспана құнының кемінде 20 пайызы төленуі керек. Ал өзге қалаларда бастапқы жарна 15 пайыздан басталады. Өтінім қабылдау 3 қарашада басталады. Ал бағдарламаға қатысуға ниетті азаматтар құжаттарын алдын ала дайындап қойғаны жөн.







