Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АИТВ жұқтыру дерегі 20 пайызға азайды

c 15:29, 01/11 c 1

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері АИТВ инфекциясын жұқтырудың 44 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20 пайызға аз. Былтыр тоғыз айда 55 адамнан вирус анықталған. Бұл туралы облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының директоры Нұрлыбек Мұстаев брифингте мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, аурушаңдықтың төмендеуіне алдын алу шаралары мен халықты тұрақты тексеруден өткізу жұмыстары әсер еткен. Дәрігерлер тұрғындарға АИТВ-ға жылына кемінде бір рет тексерілуге кеңес береді. Бұл инфекция анықталған жағдайда емді дер кезінде бастауға мүмкіндік береді. Жаңа жағдайлардың басым бөлігі облыс орталығында тіркелген. Орал қаласында 29 адамнан вирус анықталған. Бұл жалпы көрсеткіштің 66 пайызы. Бөрлі ауданында - 5, Бәйтерек ауданында - 4, Тасқала мен Теректі аудандарында екі жағдайдан тіркелген. Ал Сырым және Бөкей ордасы аудандарында бір-бір адамнан анықталған. Қалған аудандарда жаңа жағдай тіркелмеген. Мамандар келтірген дерекке сүйенсек, инфекция жұқтырғандардың 63,6 пайызы - ер адамдар, 36,4 пайызы - әйелдер. Жас ерекшелігі бойынша 40 пен 49 жас аралығындағылар арасында көрсеткіш жоғары. Бұл топқа барлық жағдайдың 39 пайызы тиесілі. Ал 30-39 жас аралығындағылардың үлесі - 29,5 пайыз. Инфекцияның таралу жолдарына келсек, басым бөлігі жыныстық қатынас арқылы жұққан. Бұл көрсеткіш 73 пайызды құрайды. Қан арқылы жұғу жағдайлары 25 пайыз болған. Оның ішінде инъекциялық есірткі қолдану факторы бар. Ал анадан балаға берілу үлесі - 2 пайыз. Биыл осындай бір жағдай тіркелген. Сонымен қатар дәрігерлер жүкті әйелдерден балаға инфекцияның берілуіне жол бермеу жұмыстарын толық бақылауда ұстап отыр. Жыл басынан бері АИТВ инфекциясы бар тоғыз жүкті әйел медициналық бақылауда болған. Нәтижесінде барлығы дені сау сәбилерді дүниеге әкелген. ПТР талдауы балалардан вирустың анықталмағанын көрсетті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.