0:00 / 0:00
Қаламызда коммуналдық инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр. Соның бірі - Зашаған кентіндегі 29 - кәріз сорғы станциясы. Бұл - Орал қаласындағы маңызды кәріз сорғы станцияларының бірі. Жоба аясында нысан толық реконструкциядан өтуде. Мамандардың айтуынша, ескі жабдықтар ауыстырылып, жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Жаңарту жұмыстары жүйенің сенімділігін арттырып, апаттық жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздікке де оң әсер етеді деп күтілуде. Жаңа жоба жайлы тілші материалында.










