Өткен тәулікте Батыс Қазақстан облысында 48 төтеншеліктерге шұғыл шақырту тіркелді. Оның ішінде 9 өрт және шөп пен қоқыстың жануына байланысты 34 жағдай бар. Құтқарушылардың негізгі күштері екі күрделі нысанға бағытталды. Хан тоғайында өрт шамамен 18 гектар орман алқабын шарпыды. Сонымен қатар Зашаған кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында ірі өрт тіркеліп, облыс орталығында қою қалың түтін пайда болды. Толығырақ тілшіміз баяндайды.










