0:00 / 0:00
Экология әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады. Орал қаласында «EcoTalk: Таза буын» диалог алаңы өтті. Кездесуге билік өкілдері, сарапшылар және жастар қатысып, қаладағы экологиялық мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады. Ашық пікір алмасудан кейін қатысушылар сенбілікке шығып, Жайық өзенінің жағалауын қоқыстан тазартты.







