Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

c 12:33, 04/09/2019 c 1049

0:00 / 0:00

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Бүгін «НеМолчи KZ» Қоры мен «UranKZ» бірлестігі қауымдасып, елдегі әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықпен күресуге бел буғандарын мәлімдеді. Бұрынғы әскерилер, бүгінгі ардагерлер нәзік жандарды қорғауға, қажет болса тегін заңдылық көмек көрсетуге дайынбыз деп отыр. Тек ағымдағы жылдың жарты жылында елімізде 800-ге жуық әйелге қатысты  зорлық-зомбылық фактісі орын алған. Алайда, олардың шағымдарының тек 40 пайызы ғана сотқа жетеді, қалғандары айыпталушы жағынан үркітіп-қорқыту салдарынан бас тартып жатады дейді сарапшылар.

Қоғамда шешімі табылмай  отырған көп мәселелердің бірі -  әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтар болып отыр.   Негізі  зорлық-зомбылыққа әлсіз балалар, қарттар, мүгедектер мен әйелдер қауымы көп ұшырайды. Ресми статистикалық мәліметтер бойынша  тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Себебі - қызғаныш, маскүнемдік, бұзақылық, әлеуметтік жағдайдың төмендігі әсер етеді. Көп жағдайда жалғыз басты, қорғаушысы жоқ әйел азаматтарға қатысты зорлық-зомбылық дерегі тіркеулді. Өткен жылы елімізде 1300-ден аса әйел зорлық-зомбылыққа ұшыраса, оның 200-ден астамы балалар.

Дина Смаилова – «НемолчиKZ» қозғалысының негізін қалаушы

«Ағымдағы жарты жылда 799 әйел зорлық-зомбылыққа тап болды. Өткен жылы 120-121 бап бойынша 1322 әйелден шағым түссе, оның 231-і балаларға қатысты жасалған зорлық. Алайда осы шағымдардың тек 454-і ғана сотқа жетті. Қалған 30-40 пайызы аяқсыз қалды. Себебі, жәбірленушілер тергеуде, сот ісін қарау барысында, айыпталушы жағынан жасалған үркітіп, қорқыту салдарынан шағымдарынан бас тартып жатады».

Зорлық-зомбылық әйелдер мен қыздардың тәни, рухани және жыныстық денсаулығына теріс әсер етеді. Бүкіл әлемде жасы беске толмаған әрбір төртінші бала (176 миллион) өзінің интимдік серіктесінің зорлық-зомбылығының құрбаны болып табылатын анасымен бірге тұрып жатыр деді сарапшылар. Онсыз да зорлық көрген нәзік жандарды тергеу барысында, айыпталушы тарапынан қорқыту үрдістері де жиілеп отыр дейді бірлестік өкілдері. Сондықтан, бұрынғы әскерилер, бүгінгі ардагерлер жапа шеккен қыз-келіншектерге заңдылық көмек көрсетуге дайын.

Еске сала кетейік, Президент жолдауында ауыр қылмыс түрлері бойынша, оның ішінде зорлық-зомбылық, педофелизм  бойынша жазаны күшейту айтылған болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.